Бас бет Жаңалықтар АГРО ӘЛЕМ ОҚО-ДА ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 3 ТРЛН. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

ОҚО-ДА ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 3 ТРЛН. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

Бөлісу

Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы өңірлік өнімнің өсімі алдын ала мәлімет бойынша өткен жылы 102 пайызды немесе 3 трлн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 2,8 трлн. теңге көлемінде болған. Ал облыс халқының жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көрсеткіші өткен жылы 989 мың теңгеге жетті. Бүгін бұл туралы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті.

Оның айтуынша, жаһандық экономикадағы күрделі жағдайларға қарамастан 2017 жылдың қорытындысымен облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің өсімі орын алған.

«2016 жылы бюджеттің жалпы көлемде өзіндік кірістердің үлесі 18 пайызды құраса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 20 пайызға жетіп, 14,4 млрд. теңгеге артты. 2017 жылға бекітілген облыс бюджетінің көлемі 481 млрд. теңгені құрап, нақтылау нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша 609 млрд. теңгеге жеткен», — деді Арман Сәбитұлы.

Бюджет көлемінде әлеуметтік салаға бағытталған шығыстар 2017 жылы 81,2 млрд. теңгеге өсіп, 384,2 млрд. теңгеге жеткен.

Айта кетерлігі, бюджет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемінде орындауға бағытталған. Мәселен 48 пайызы, яғни 231,4 млрд. теңге 2 522 мекемені күтіп-ұстауға, 44 пайызы еңбекақыға және 8 пайызы күрделі жөндеу мен материалдық-техникалық нығайту шығындарына жұмсалған.