Бас бет Жаңалықтар АГРО ӘЛЕМ Гидропоника – мал шаруашылығының болашағы

Гидропоника – мал шаруашылығының болашағы

Бөлісу

Оңтүстік Қазақстан облысының климаты шұғыл континетті болып келеді. Көктем ерте түсіп, мамыр-қазан айларында өңірдің басым бөлігінде жайылымдар қурап жатады. Сондықтан төрт түлікке қорек көп қажет. Малдың қыс азығын жинау шаруалардың басты мәселесі болып келеді. Бұл мәселені шешу үшін аграрлық кешенге инновациялық технологиялар қолданысқа енгізілуде. Соның бірі – гидропоника технологиясы. Гидропоника  — өсімдіктер, көкөніс, мал азығындық шөптер, т.б. топырақсыз физиологиялық ерітінділерде әлсін-әлсін қоректік ерітінділерді бүрку арқылы өсіру. «КазАгроГрин» компаниясы облысымызда гидропоника әдісімен мал азығын өсіретін ең ірі кәсіпорын. Мекеме басшысы Бахытжан Көпбаев өз кәсібінің шаруаларға тиімді болып келетін тұстарымен таныстырды.

Бахытжан КӨПБАЕВ, «КазАгроГрин» компаниясының директоры: Біздің компания Біріккен Араб Әмірліктеріндегі «AGT» компаниясының Қазақстандағы филиалы болып табылады. Гидропоника саласында 2006 жылдан бастап жұмыс істеп келеміз. Парсы шығанағындағы Иран, Ирак, Сауд Арабиясы, Оман, Бахрейн, Катар елдерінде де өз құрылғыларымызды қойып шықтық. Қазақстан нарығына 2015 жылдың басында келдік. Бүгінге дейін елімізде 20 ірі және 100-ден астам кіші және орташа қондырғыларды қойып үлгердік. Гидропониканың басты ерекшелігі – кез-келген мал өсіруші қожалық жер көлеміне қарамастан, аз ғана жерге біздің құрылғыларды қондырып, жыл бойы малға балғын азық тауып беріп отыра алады. Мысалы, бір ірі қараға күніне үш рет 10 килограмм азық берсе жеткілікті.

Дәнді жасыл шөпке айналдыру үшін бір апта жеткізілікті. Осы уақытта арнайы ерітіндіде жуылған дән бокста +18 +28 градус аралығында жетіледі. Қазіргі таңда Қазақстанда гидропоника құрылғыларының 95 пайызы өндіріледі екен. Тіпті дәнді дақыл бір апта ішінде тұратын ыдыстың өзі экологиялық таза. Өз бизнесін алға жүргізу үшін жаңа технологияларды енгізу бүгінгі күннің талабы. Айта кетерлік жәйт – бұл жерде электр энергиясын күн батареясынан өндіріп, ал суды ұңғымадан тартып алады. Бұл өндіріс процесін мейлінше аз шығындалуын қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта фермерлер осындай технологияны қолданса, ауыл шаруашылығы саласында көптеген оңтайлы өзгерістер орын алады.