Бас бет Жаңалықтар АГРО ЖАҢАЛЫҚТАР Шымкентте өндірістің жаңа түрлері көбейіп келеді

Шымкентте өндірістің жаңа түрлері көбейіп келеді

Бөлісу

Заман талабына сәйкес қазіргі нарықта экологиялық таза, ұзақмерзімді, қайта өңдеуді көп талап етпейтін өнімдер сұранысқа ие. Ағаш-полимерлік композитті өндірісінен түрлі өнім шығаратын кәсіпорын — «Bai & R Group» ЖШС кіші цехінде – ағаш пен пластиктің қоспасынан алынатын ерекше материал өндіріледі. Бұл ағаш-полимерлі композит материалының басты ерекшеліктері болып экологиялық тазалығы, ыстыққа төзімділігі, ұзақ мерзім қызмет ету мен ылғалдылықтан қорықпауы, оңай монтаждалуында.

Асанбай Мыңбаев, «Bai & R Group» ЖШС коммерциялық директоры: Бұл өндіріс 1970 жылы Америка Құрама Штаттарында бастау алған. Көршілес Ресейге 2005 жылы келіп, елімізде енді етегін жайып келеді. Қаламыздың көпшілік орындарында орналастырылған орындықтар, қоршаулар, қоқыс жәшіктерін біз жасадық. Мысалы, Шымкент әуежайынан қалаға келе жатқандағы жолдың жағалауындағы қоршаулар біздің өнім. Алдағы уақытта өз өндірісімізді кеңейтуге мүдделіміз.

Айта кету керек шикізат Ресей Федерациясы және еліміздің өндіріушілерінен сатып алынады екен. Ломпания тек пластик пен ағаштан ғана өнім шығармай, темір қаңқаларды да өздері дайындайды екен. Оның ішіне жарықтандыру бағаналары, қорғандар, бақтағы орындықтардың каркасын да жасайды. Жеке тұлғалардан түсіп жатқан тапсырыстар да аз емес екен.