Бас бет Жаңалықтар АГРО ЖАҢАЛЫҚТАР Тәулік бойы тынбайтын «Тассайдың» тауықтары

Тәулік бойы тынбайтын «Тассайдың» тауықтары

Бөлісу

Шымкент қаласында «Тассай құс» тауарлы жұмыртқа өндіретін құс фермасы 2015 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Соңғы 3 жылда Оңтүстік халқын сапалы жұмыртқалармен қамтамасыз етуден жаңылмаған фабрикада 100 мыңға жуық құс өсіріледі. Құс фермасы 4 блогтан тұрады. Алғашқы үш блогта тауықтар ұсталса, төртіншісі балапан ұстауға арналған. Кәсіпорын облыс тұрғындарына өз өнімдерін сауда қатарларының арнайы нүктелерінде саудалайды.

Бабыр Усманов, «Тассай құс» ЖШС жұмыс басқарушысы

Жұмыртқа жинау және сорттау процесстері автоматтандырылған жүйеде жұмыс жасайды. 100 мыңға жуық тауықтың дұрыс қоректенуі мен уақытылы ұйықтауын қадалау өндірістік талаптардың бірі. Бір блогтың ішінде 35 мың тауық болса, олардың рационының сақталуын бақылау қажет. Егер беріліп жатқан қорек мөлшерден тыс болса, құс артық салмақ жинап, жұмыртқалауы нашарлайды.

Тәулігіне 35 мыңнан астам жұмыртқа әкелетін тауықтарды азықпен қамтамасыз ету үлкен мәселе. Ветеринар-диетологтардың бекіткен рационы бойынша құс керек дәрумендермен қамтамасыз етілуі тиіс. Ол үшін арнайы жемхана орналастырылған. Бұл жерде жемді майдалау, оған  қажетті компонеттерді қосу жұмыстары атқарылады. Жылына 20 млн дана тауарлы жұмыртқа өндіретін «Тассай құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құстың етті түрлерімен айналысуды жоспарлап отыр.