Бас бет Жаңалықтар АГРО ЖАҢАЛЫҚТАР Шымкентте 80 000 түп ағаш отырғызылды

Шымкентте 80 000 түп ағаш отырғызылды

Бөлісу

Шымкент қаласында бір мезгілде 80 000 жеміс ағаштары отырғызылды. Бұл экологиялық акция «Самал-2» шатқалында «Бірге жарқын» фестівалі түрінде өткізілді. Аталған іс-шара 2018 жылы 30 наурызда Астана қаласынан бастау алған. Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының қолдауымен іс-шараны ұйымдастырушы әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту жөніндегі қоры болып табылады. Фестивальдің эстафетасын Шымкент қаласы қабылдаған. Акция «Шымкент менің бақша қалам» атты ұранмен өткізілді.

Ағаш отырғызу акциясына қала тұрғындары, колледждер, жалпы орта және спорт мектептертерінің оқушылары қатысты. Іс-шара қонақтарын Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының викториналық сұрақтары, жастарға арналған квест, концерттік бағдарламалар күтіп тұрды. Салтанатты ашылуға қатысқан өңір басшысы Жансейіт Түймебаев қала тұрғындарын атаулы экологиялық акция басталуымен құттықтады. Жансейіт Қансейітұлы «Бірге жарқын!» эстафетасын Шымшаһардан Ақтөбе қаласына өткізді.

Кең ауқымды флешмобтан кейін қатысушылар сенбілікке кірісті. Жиналған жұрт бір уақытта 80 мың түп ағаш көшеттерін отырғызды. Шенді азаматтар бастаған сауап іс жастар тарапынан қолдау тапты. Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының ұйытқы болуымен өткен «Бірге жарқын! Шымкент менің қалам-бақшам!» фестивалі өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, қала тұрғындары мен қонақтарын қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, табиғаттағы экологиялық мәселелерге назарын аудару болып табылатын. Ендігі кезекте, отырғызылған мыңдаған ағаштар жерсініп, өніп кетсе, Шымкент жасыл желекке оранары сөзсіз.